Бүгін Тасқала ауданы әкімшілігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі С.Әлиев және аудандық мектеп басшыларының қатысуымен Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік туралы заңның негізгі бағыттары жөнінде жиналыс өтті.
- Қазіргі заманауи қиын экономикалық жағдайда мемлекеттік-жеке меншік серіктестік мемлекет пен бизнес арасындағы ең тиімді серіктестік түрі, себебі дағдарыс жағдайында мемлекет тарапынан сұраныстың тұрақтылығы несиелік мекемелердің сенімділігін нығайтып және инвестиция тәуекелін азайтатын маңызды құрал, - деді С.Әлиев.
Аудан басшысы Санжар Жұматайұлының айтуына қарағанда, ауданымыздың бірқатар кәсіпкерлері өз ынталарын білдіріп отыр.
Мемлекеттік - жеке серіктестіктітүрлі формада дамыту – қазіргі заманғы нарықтық экономикадағы әлеуметтік- экономикалық бағытты күшейту процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Дәл осы әлеуметтік серіктестік шарттары нарықтың қатал шындығына арналған қоғамдық амортизатор ретінде қарастырылады. Өйткені ол экономикалық тиімділік талаптары пен әлеуметтік әділеттілік мүдделерін ұштастырады.