Бүгін Тасқала ауданы әкімі С.Әлиевтің төрағалық етуімен ауыл шарушылық саласының және қоғамдық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша кеңес отырысы өтті.
Кеңес отырысына аудандық мекеме, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық жергілікті полиция басшысы мен учаскелік инспекторлары, аудандық ветеринарлық станция басшысы мен ветеринарлары қатысты.
Жиналыс барысында ветеринария саласы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар, меншік және мал ұрлығының алдын алу бойынша 2016 жылы және 2017 жылдың 3 айында атқарылған жұмыстар туралы. Сонымен қатар ауыл шаруашылық саласы бойынша атқарылған жұмыстары, аудандық бюджет қаражатының игерілуі және «2016-2019 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының орындалуы» және 2017-2020 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының жобасын жасақтау туралы мәселелері қарастырылды.
Отырыс соңында аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді.