Облыс басшысы А.С.Көлгіновтың  үстіміздегі жылдың көктеміне «Мейрімді көктем» акциясын жүргізу ұсынылған болатын. Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жүз нақты көмек» жобасының «Мейрімді көктем» акциясы аясында ағымдағы жылдың 18 наурызында жеке кәсіпкер А.Менешеваның демеушілігімен тұрмыс жағдайы төмен Досимова Фариданың жанұясына азық-түлікпен, І-топтағы мүгедек анамыз Сүндетова Алмагүлдің қызына киім-кешекпен, тұрмыс жағдайы төмен Жмурко Вераның жанұясына жеке кәсіпкер Қ.Суюнгалиевтің демеушілігімен азық-түлікпен, тұрмыс жағдайы төмен алты баланың анасы Сағынғалиева Нұрлыгүлдің жанұясына жеке кәсіпкер Қ.Тасқалиевтің демеушілігімен азық-түлікпен көмек көрсетілді.