17 наурыз күні аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудандық «Қыз сыны» байқауы өтті. Байқауға аудандық мектептер, балабақшалар, ауылдық округтерден үміткерлер қатысты.
Бес кезеңнен құралған байқауда бас жүлдені Қазақстан ауылдық округінің үміткері А.Калмурзина алды,бірінші орынды «Сәулет» мектеп лицейінің оқушысы А.Сафималиева және Мереке ауылдық округінің үміткері А.Кужабергенова иеленсе, екінші орынды Қосшы ауылдық округінен А.Кажбалинова және Ақтау ауылдық округінен Г.Татаханова иеленді. Үшінші орынға Достық ауылдық округінен Л.Баталова және «Бөбек» балабақшасының үміткері Н.Рамазанова иеленді. Сонымен қатар үміткерлер ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.