17 наурыз күні аудандық кітапхананың оқу залында Тасқала колледжінің 1 курс студенттерінің арасында 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Ата салтым – асыл мұрам» атты тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Наурыз мерекесінің мән-мағнасын оқырмандарға түсіндіру; ұлттық дәстүрлермен таныстыру, халқымыздың салтын, әдет-ғұрпын құрметтеуге баулу; өнегелі, өнерлі азамат болуға, достыққа, жақсылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Оқырмандар кішігірім жайылған дастарханнан ауыз тиіп, әжелеріміз ақ баталарын берді.