Бүгін, Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мейрамы қарсаңында, «Тасқала» дүкенінің алаңында, Тасқала ауылдық округ әкімдігінің ұйымдастыруымен мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиев, аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов, аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалының төрағасының орынбасары Д.Ғазез және аудан тұрғындары қатысты.
Шара барысында Азамат Сафималиұлы жиналған қауымды мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкер Қ.Тасқалиевтің демеушілігімен аудан тұрғындарына тәтті тағамдар мен айран, көже дайындалып аудан тұрғындарына ұсынылды. Ал мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік шағын концерттік бағдарламарын ұсынды.