14 наурыз күні Жастар ресурстық орталығы және «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен көрісу айт күніне орай «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» атты акция өтті. Акция аясында жастар ауыл зейнеткерлеріне барып амандасып, ақ баталарын алды.