Бүгін Тасқала ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы М.Мырзаштың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің ақпараттық сервистерін таныстыру туралы отырысты өтті.
Жиын барысында Тасқала ауданы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдылықты қадағалау прокуроры Ғ.Мыңжасаров аталған Комитеттің ақпараттық сервистерін, интернет желісіне қосыла отырып, service.pravstat.kz сайтының мүмкіндіктерін таныстырып, халыққа қызмет көрсету саласындағы маңыздылығын атап өтті.
Отырыс соңында жиналысқа қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салып тұшымды жауаптарын алды.