Наурыздың 13-і күні аудандық мәдени-демалыс орталығында, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары Д.Ғазез және мекеме-бөлім басшыларының қатысуымен  «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бойынша азаматтарды «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – азаматтарға жұмыспен қамту бағдарламаларын түсіндіру және енгізілген өзгерістер туралы ақпарат беру, сонымен қатар жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды тарту.