Ағымдағы жылдың 24 ақпанында Жас  туристер станциясы және «Намыс»  жастар қоғамдық бірлестігінің қолдауымен, Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Үлгілі отбасы – мемлекет тірегі» атты жұмысшы жас отбасылар арасында қысқы  отбасылық-туристік сайысы өтті. Шара барысында отбасылар кедергілерден  өтіп, жеңімпаздарға диплом мен сыйлықтар табысталды.