Алғыс айту күніне орай дәл осындай атаумен өткен кездесуді аудандық жастар ресурстық орталығы мен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.Аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, қоғамдық кеңестің төрағасы Б.Тасмағамбетов және әр түрлі сала қызметкерлері қатысты. Кездесуге келгендерді Л.Жұбанышқалиева құттықтап, жастар саясатының өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген бірнеше азамат пен азаматшаларға алғысхаттар мен ескерткіш сыйлықтар ұсынды.
Жиналғандар дастархан басында келелі әңгіме өрбітіп, ұрпақ тәрбиесі, үлкенді сыйлау, жастар мәселесін тілге тиек етіп, шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.