Ағымдағы жылдың 7 наурызында «Халықаралық әйелдер күніне» орай Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі және «Жас NEW» еріктілер клубының ұйымдастыруымен «Гүл сыйлайық анаға» атты акциясы өтті. Акция аясында аудан тұрғындарының әйелдеріне мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүлдер таратылды.