Бүгін, яғни наурыздың 14 жұлдызы, Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Аталған мерекеге орай, аудандық мәдениет үйінің алаңында аудан әкімінің міндетін атқарушы А.Сафималиевтің қатысуымен шара өтті.
Шара барысында Азамат Сафималиұлы жиналған қауымды мерекесімен құттықтап, жылы лебіздерін жеткізді.
Сонымен қатар, мекемелердің қызметкерлері тәтті тағамдармен айран, көже дайындап аудан тұрғындарына ұсынды. Ал мәдениет үйінің қызметкерлері мерекелік шағын концерттік бағдарламарын ұсынды.
Шарадан соң, Азамат Сафималиұлы Тасқала ауданының қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медикалық-әлеуметтік мекемесінің тұрғындарын құттықтады.
- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ең алдымен халықтың тұрмысын жақсартуға ерекше көңіл бөледі. Әсіресе әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандар назардан тыс қалмауы тиіс. Қазақстан еш уақытта әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны төмендеткен емес. Ең бастысы дендеріңіз сау, ұзақ ғұмыр кешіңіздер, - деді А.Сафималиев.