Бүгін, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында, аудан әкмі С.Әлиев Тасқала ауданы әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудандық дербес бөлімдерінің аруларын салтанатты түрде құттықтады.
- Әйел адам бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлем тербетеді. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыройға жетуіне асыл әйелдеріміз өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Осыған дәлел өзіңізсіз, - деді Санжар Жұматайұлы.
Шара барысында нәзік жанды аруларға аудандық дербес бөлімдерінің ер азаматтары гүл табыстаса, мәдениет үйінің қызметкерлері шағын концерттік бағдарламасын ұсынды.