Бүгін, яғни 9 наурыз күні, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде «2017 жылғы көктемгі су тасқыны кезеңі шарттарындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға АҚМЖ-нің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбында «Көктем - 2017» командалық-штабтық оқу-жаттығу басталды.
Осыған орай, аудан әкімі С.Әлиев командалық-штабтық оқу-жаттығуларымен танысты. Жаттығу барысында шұғыл әрекет ету жасағының жауынгерлік дайындығы, аудандық төтенше жағдай бөлімінің материалдық-техникалық жабдықталуы тексерілді.
Жаттығуға жұмылдырылған жергілікті атқарушы органдарының күштерімен жаттығу орнында көктемгі кезеңде төтенше жағдайды жою бойынша практикалық мәселелер пысықталды. Сонымен қатар, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және әлеуметтік сала объектілерінің көктемгі кезеңге әзірлігі бойынша, электр және жылу жүйелерінің жұмыс істеуі, апаттық-құтқару қызметі мен құралымдарының техникалық жарақтануы, жанар-жағар, инерттік және құрылыс материалдарының қоры туралы мәселелер тексерілді.

</