28 ақпан күні аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың шығармашылығын жырлауға арналған «Болашағым, сен тұрсаң, мен өлмеспін!» атты көркемсөз оқу байқауы өткізілді. Аталмыш шараға ауылдық округтерден және аудан орталығынан барлығы 18 үміткер қатысты.
Бас жүлдені Тасқала колледжінің 1 курс студенті Б.Меңдешев жеңіп алды. І орынды «Сәулет» мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы А.Алтунбекова, ІІ орынды Ақтау ЖББОМ-нің 7 сынып оқушысы Қ.Ақболатова, ІІІ орынды Родник негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы Ж.Бақтығұлова иеленді.