Бүгін аудан әкімі С.Әлиев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай, ауданымыздың Ұлы Отан соғыс ардагері Рабиға Зайнуллина мен еңбегі сіңірген ардагер ұстаз Лидия Земышеваның шаңырағыларында болып, мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар аудан басшысы өз атынан сый-сияпат жасап, дастарханға тәттілер тарту етті. Өз кезегінде келген қонақтарға ардагерлер алғыстарын білдіріп, ел тыныштығын тіледі.