Бүгін аудан әкімі С.Әлиев, аудандық мәдениет үйінің «Тәуелсіздік» залында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әйел-азаматшаларды салтанатты қабылдады.
Шара барысында аудан басшысы Санжар Жұматайұлы іскер әйелдердің ұсыныстары мен пікірлерін, ой-армандарын мұқият тыңдап, алдағы уақытта өз тарапынан мүмкіндігінше көмек-қолдау көрсетіп отыратындығын айтты.
Сонымен қатар аудан әкімі С.Әлиев ауданның әлеуметтік және экономикалық дамуына үлес қосып жүрген әйел-азаматшаларына гүлшоқтарымен, өз атынан алғыс хаттарды және шағын сыйлықтарын табыс етті.