Бүгін аудан әкімі С.Әлиевтің қатысуымен және Б.Тасмағамбетовтің төрағалық етуімен аудандық қоғамдық кеңестің XIII отырысы өтті. Отырыс барысында Тасқала ауданының жұмыспен қамту орталығының «Жұмыспен қамту-2020» жол картасы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алынған шағын несиелерді қайтару барысы туралы» есебі туралы Жұмыспен қамту орталығының директоры Б.Кентугаева баяндама жасаса, «Тасқала ауданы әкімі аппаратының «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» және «2017 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-анасының ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» әкімдік қаулысының жобалары бойынша аудан әкімі аппаратының кадр бөлімінің басшысы Т.Бегалиева мен аудандық білім бөлімінің бас маманы М.Калиева баяндады. Ал төртінші мәселе бойынша Тасқала аудандық мәслихатының 2016 жылғы 23 желтоқсандағы «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Л.Тастамбекова баяндама жасады.
Сонымен қатар аудандық мәслихат хатшысы С.Рахимов «Жанару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыс» қоғамдық бірлестігінің құрылғаны туралы кеңінен ақпарат берді. Отырыс соңында көтерілген мәселелерді жиынға қатысушылар талқылап, бір дауыспен құптап, қабылдады.