Бүгін аудан әкімі С.Әлиев аудан активіне аудандық әділет басқармасының жаңа басшысы таныстырды.

Махашева Динара Нұрланқызы 1988 жылы 1 желтоқсан күні Тасқала ауданы, Оян ауылында дүниеге келген. Қ.Сатпаев атындағы орта мектебінің түлегі.
01.09.2006-10.06.2010жж. - БҚО Орал қаласындағы «Қазақстан Инновациялық және Телекоммуникациялық жүйелер университеті»-н заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Жұмыс өтілі: 2009 жылдан 3 курстан бастап оқумен қатар Батыс Қазақстан облыстық сотында тәжірибе жинақтаған.
23.06.2011-10.06.2013жж –Бөрлі аудандық Әділет басқармасының жетекші маманы;
10.06.2013-11.02.2015жж Тасқала аудандық Әділет басқармасының бас маманы;
11.02.2015-12.02.2017жж «Тасқала ауданының аумақтық сот актілерін орындау бойынша бөлімі» филиалының басшысы-аға сот орындаушы қызметін атқарды;
2017 жылдың 13 ақпаннан бастап Тасқала ауданының Әділет басқармасы басшысы лауазымына тағайындалды.
«Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі.