Бүгін Тасқала ауданының әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында аудан актив жиналысы барысында азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы Б.Бегалиев ауданымыздың жаңа сот төрағасы мен сотын таныстырды.

Дүйсенғалиев Асланбек Шәріпұлы 1978 жылы 26 тамызда Казталов ауданы, Казталов ауылында  дүниеге  келген.
1985-1995 жылдар аралығында  Казталов орта білім беру мектебін бітірген.
1995 жылы Батыс Қазақстан облысының медициналық училищесінің санитария, гигиена және эпидемиология факультетіне түсіп, 1998 жылы санитарлық фельдшер мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылдың қазан айында Казталов аудандық санитарлық-эпидемиологиялық станциясына санитарлық дәрігердің көмекшісі ретінде жұмысқа орналасып, 2004 жылдың сәуір айында мекеменің қайта құрылуына байланысты Казталов аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының жетекші маманы лауазымына ауысты.
2002 - 2008 жж. - М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемелекеттік университетінің «Құқықтану» факультетіне сырттай оқуға түсіп, заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Сот жүйесінде еңбек жолын 2008 жылдың шілде айында Казталов аудандық сотының бас маман-сот мәжілісінің хатшысы болып бастады.
2011 жылдың қараша айында Казталов аудандық сотының кеңсе меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.
2013 жылғы 27 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департамент басшысының өкімімен Батыс Қазақстан облыстық сотының кеңсе басшысының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2014 жылдың 17 маусым күні Орал қаласының №2 сотының судьясы лауазымына тағайындалды.
2017 жылдың 20 ақпан күнінен бастап Тасқала аудандық сотының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Теберікова Әлия Бақытжанқызы 1979 жылы 11 қыркүйекте Алматы облысының Талғар ауданында дүниеге келген.
2001 жылы Алматы мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Сот жүйесіндегі қызметін 1998 жылы Жетісу аудандық сотының курьері болып бастаған.
2005-2008 жылдары Жетісу аудандық сотының бас маманы;
2008-2009 жылдары Алматы қалалық адвокаттар алқасының адвокаттыққа машықтанушысы;
2009-2010 жылдары «KB-Agro Company» ЖСШ-нің, «Z-club» ЖШС-нің заңгері болып жасаған;
2011 жылы мемлекеттік қызметке қайта кіріп, Алматы қаласының Медеу аудандық сотының бас маманы, бас маман-сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған.
2016 жылдың 30 желтоқсан күнінен бастап Тасқала аудандық сотының судьясы болып тағайындалды.