Бүгін Тасқала ауданы әкімшілігінің кіші мәжіліс залында Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары Т.Найманов пен аудан әкімі С.Әлиевтің қатысуымен жиналыс өтті.
Жиын барысында Тәжіден Жүкенұлы жаңа аудан прокуроры Ізімов Мейрхан Ерболатұлын таныстырды.
М.Е. Изимов – 1983 жылдың 20 қарашасында Казталов ауданы, Казталов ауылында дүниеге келген.
Еңбек жолын 2003 жылы Сырым ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.
2004-2005 жылдары – Орал қаласының прокуратурасында мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтын сақталуын қадағалау бөлімінде Орал қаласы прокурорының көмекшісі.
2004-2006 жылдары – Орал қаласының прокуратурасында мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтын сақталуын қадағалау бөлімінде Орал қаласы прокурорының аға көмекшісі.
2006 – 2007 жылдары – Ақжайық ауданы прокурорының аға көмекшісі.
2007-2008 жылдары – Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының мемлекеттік органдардың қызметінде заңдылықтын сақталуын қадағалау басқармасының прокуроры және аға прокуроры.
2008-2012 жылдары Казталов ауданы прокурорының орынбасары.
2012 жылдың шілде-қазан айлары аралығында Бөкей Ордасы ауданы прокурорының міндетін атқарған.
2012-2017 жылдары Сырым ауданының прокуроры.
Осы жылдың 21 ақпанынан бастап Тасқала ауданының прокуроры.
Сонымен қатар Т.Найманов бұрынғы аудан прокуроры А.Ақпанов басқа жұмысқа ауысуына байланысты жұмыстан босатылғанын айтты. Жиналыс соңында сөз алған аудан басшысы Санжар Жұматайұлы Арон Ұзақбайұлына осы кезге дейін атқарып келген жұмыстары үшін алғысын білдіріп, ал Мейрхан Ерболатұлына сәттілік тіледі.