18 ақпан күні  І қысқы спартакиада бағдарламасына сәйкес ерлер арасында допты хоккейден Сәулет мектеп-лицейінің базасында аудандық жарыс өткізілді. Жарысқа 2-Шежін, Ақтау, Достық ауылдық округтерінің және Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі мен Аудан әкімі аппаратының командалары қатысты.
Жарыс нәтижесі бойынша   1 орынды Ақтау ауылдық округінің командасы жеңіп алса,  2 орынды 2-Шежін ауылдық округі командасы иеленді. Ал Ы.Алтынсарин атындағы командасы табан тіреді.