Бүгін ­Тасқала ауданы əкімші­лігінің кіші­ мəжіліс залында­ аудан әкімі С.Әлиевтің төрағалық етуімен аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және  жою жөніндегі комиссия отырысы өтті. Отырысқа комиссия мүшелері, дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібі бойынша Тасқала ауданы бойынша қоршаған ортаның статистикасының көрсеткіштері және ауа райының болжамы, көктемгі су тасқынынан қорғау жөніндегі шаралар, күштер мен құралдардың  дайындығы, көктемгі су тасқынына байланысты  басқа да түрлі мәселелер қаралды.
Жиын соңында аудан басшысы жоғарыда аталған көтемгі су тасқынына қауіпті деген округ әкімдеріне апаттың алдын алу шараларын наурыз айы демей, осы кезден бастап жұмыстану керектігін қатаң тапсырды.