Ақпанның 15-і күні аудандық ішкі саясат бөлімі, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қолдауымен «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі және аудандық мәдени-демалыс орталығының ұйымдастыруымен Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты шара өтті. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы М. Дарменов, ауған соғысының ардагерлері мен орта мектеп оқушылары қатысты. Шарада аудан өнерпаздары театрландырған қойылым көрсетіп, ардагерлер бастарынан кешкен оқиғаларын баяндап берді. Әрі қарай әскери-патриоттық әндер шырқалып, ардагерлерге арналып «Тамаша» мейрамханасында дастархан жайылды.