17 жылдың 27 қаңтар күні С.Жақсығұлов атындағы ОМ-де «Білім саласына қатысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру» аудандық дөңгелек үстел өтті. Шараға қатысқандар: білім бөлімінің мемлекеттік қызметке жауапты қызметкерлер, білім беру ұйымдарының мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты қызметкерлері, барлығы 27 адам. Дөңгелек үстелге «Мемлекеттік корпорация» АҚ инструкторы Қ.Джусупкалиев қатысты.  «Мемлекеттік корпорация» АҚ инструкторы жалпы электронды түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы айтып, білім саласына қатысты электронды түрде көрсетілетін қызметтердің тәртібі туралы, электронды түрде көрсетілетін қызметтердің артықшылығы мен қолайлығы жөнінде мәлімдеді. Білім бөлімінің бас маманы Д.Хаирова білім саласындағы мемлекеттік қызметтері, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қатысты нормативтік құжаттары, соның ішінде мемлекеттік қызмет туралы Заңы, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері, мемлекеттік қызметтерді алу үшін жүгінетін орындары және қызмет көрсетушілер туралы мәлімет берді. Білім ұйымдары көрсететін мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша тоқталып, әрбір қызмет бойынша орындалу мерзімдері, қажетті құжаттары, қойылатын талаптары туралы айтылды.
Мемлекеттік қызметтердің 2016 жылғы қорытындысы бойынша мәлімет берілді.
Дөңгелек үстелдің екінші бөлігі сұрақ-жауап түрінде өтті.