Қаңтар айының 25 жұлдызында, жалпы орта білім беретін Ақтау мектеп-балабақшасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Т.М. Атабаев, «Қазақстан- мейірімділік мекені» атты республикалық акция аясында 1-4 сынып оқушыларына «Әдептілік әлемі» тақырыбында тәрбие сағатын ұйымдастырды.  Шара барысында оқушыларға халқымызда ежелден қалыптасқан әдептіліктің жол-жоралары туралы, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету туралы түсінік әңгіме жүргізілді. Сонымен қатар 4 сынып оқушылары көшеге арнайы шығып, ауыр қол жүгін ұстаған қарияларға көмек көрсетті.