Ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Тасқала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Тасқала аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және аудандық мәдени ойын-сауық және спорт клубының қолдауымен «Универсиада Алматы-2017» қатысушыларына қолдау көрсетуге арналған волейболдан ерлер мен әйелдер арасында Тасқала аудандық біріншілігі өтті. Осы жарыста жүлделі бірінші орынға ие болғаны үшін Оян ауылдық округі командасы марапатталды,жүлделі екінші орынға ие болғаны үшін Шежін ауылдық округі командасы марапатталса, жүлделі үшінші орынға Тасқала колледжі командасы ие болды. Жақсы ойын өрнегін көрсеткендер Тасқала колледжінің ойыншысы Образков Сергей «Үздік шабуылшы», Шежін ауылдық округі командасының ойыншысы Сагатдинова Гульзина «Үздік қорғаушы», Оян округі командасының ойыншысы Ұлан Қолқанат «Үздік Ойыншы», Ақтау ауылдық округі командасының ойыншысы Сағынтаев Жандос «Үздік байланыстырушы» номинациясымен марапатталды. Жеңімпаздарға алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.