Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытында» 2017 жылға арналған аудандық ақпараттық-түсіндіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес, 17 қаңтар күні аудандық әділет басқармасы, нотариус қызметкерлерімен «Дәстүрлі құндылықтар–тұрақтылық тұғыры» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Дөңгелек үстелге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова қатысып, түсінік жұмысын жүргізді. Сонымен қатар, мекеме қызметкерлеріне «Жат ағымнан арбалғандар» атты бейнефильм ұсынылып, кездесу отырысы пікірталаспен аяқталды.