Аудандық ақпараттық-түсіндіру тобы жұмыс жоспарына сәйкес 2017 жылдың 24 қаңтары күні «Дәстүрлі құндылықтар – тұрақтылық тұғыры» тақырыбында Тасқала аудандық шекара комендатурасы қызметкерлерімен кездесті. Отырысқа аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ж.Аспандьярова, аудандық мешіттің бас имамы А.Ибрашев және шекара қызметкерлері қатысты.
Кездесу барысында діни экстремизмнің алдын алу жайында және имандылық бағытында түсініктер беріліп, «Деструктивті діни ағымдардың қызметі» атты бейнеролик көрсетілді. Кездесуге қатысушы қызметкерлер тарапынан сұрақтар қойылып, аудан имамы А.Ибрашев қойылған сауалдарға жауап беріп, пікіралмасылды.