2019 жылдың 04-05 қаңтар күндері Еңбек ардагері Дүйсеғалиев Дәулет Айтқалиұлын еске алуға арналған тоғызқұмалақтан жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Тасқала ауданының ашық турнирі өткізілді.

Жарысқа Орал қаласы, Жанақала, Сырым, Бөрлі аудандары мен Сәулет МЛ, Тасқала аудандық БЖСМ командалары атынан барлығы 46 спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде:  2011-2012 ж.т. жасөспірім ұлдар арасында І орын Жақсылық Ислам (Тасқала), ІІ орын Ізмұрат Бекарыс (Жаңақала), ІІІ орын Есімбек Ералы (Тасқала), 2011-2012 ж.т. қыздар арасында І орын Максут Мадина (Сырым), ІІ орын Ғазез Зухра (Жаңақала), ІІІ орын Уразғали Аймекен (Тасқала) иеленді.  2009-2010 ж.т. жасөспірімдер арасында І орын Куанышкалиев Арман (Бөрлі), ІІ орын Мирас Жігер (Жаңақала), ІІІ орын Ерланұлы Ансар (Орал), 2009-2010 ж.т. қыздар арасында І орын Тұрсынбай Айнара (Жаңақала), ІІ орын Жұмагелді Нұрила(Жаңақала), ІІІ орын Уразгалиева Ханшайым (Бөрлі) иеленді. 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында І орын Нұрғазин Бейбарыс(Орал), ІІ орын Хайрлиев Темірлан (Орал), ІІІ орын Еркін Шапағат (Сәулет МЛ), 2007-2008 ж.т. қыздар арасында І орын Қадірберлі Лейла (Тасқала), ІІ орын Нұрғазина Айшабибі (Орал), ІІІ орын Есмағұл Жадыра (Орал) иеленді. 2005-2006 ж.т. жасөспірімдер арасында І орын Нұрғазин Әбілмансур (Орал), ІІ орын Ерсайын Ержан (Бөрлі), ІІІ орын Муратов Адилжан (Тасқала), 2005-2006 ж.т. қыздар арасында І орын Баймухан Аида (Жаңақала), ІІ орын Ыдырыс Асылжан(Тасқала), ІІІ орын Шинбаева Асылжан(Сәулет МЛ)иеленді  Жарыс қорытындысы бойынша орын алған спортшылар тиісті дәрежедегі медальдармен, дипломдармен және демеуші Дүйсеғалиев Дәулет Айтқалиұлының жұмыстасы болған Утешев Орынбасар Ханафияұлының  атынан І орынға 10 000 теңге, ІІ орынға 5 000 теңге, ІІІ орынға 2 000 теңге ақшалай сыйлықтар табыс етілді.