Бүгін Тасқала ауданында Тәуелсіздік мерекесіне арналған салтанатты жиын мерекелік концерт өтті. Салтанатты жиында сөз алған аудан әкімі А.Халелов  айтулы мерекенің маңыздылығына тоқталып, барша тасқалалықтарды мерекемен құттықтады. Мерекеге орай,еңбегімен еленген бірқатар азамат, азаматшаларды  облыс әкімінің алғыс хатымен және аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партия билеттері табысталып, кәмелетке толған азаматтарға жеке куәліктер салтанатты түрде берілді.

Салтанатты шарада, Тасқала колледжінің өндірістік оқыту шебері Қ.Хайруллин және Тасқала колледжінің оқу ісі жөніндегі орынбасары С.Адырова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталса, тасқалалықтардың әнұранына айналған «Тасқала туралы ән» әнінің авторы Ғ.Сейтақ, композитор, «Қадір Мырза әлі» қоғамдық қорының директоры Д.Қажымов, аудандық мәдени-демалыс орталығының қызметкері Х.Сұлтангереев Тасқала ауданы әкімдігі мен аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Шара мерекелік концертпен жалғасты.