2018 жылдың 4-7 желтоқсан күндері аралығында Орал қаласында дзюдо күресінен 1999-2001ж.т. және 2002-2004 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Батыс Қазақстан облысы чемпионаты өткізілді. Жалпы жарысқа 8 ауданнан және Орал қаласынан 2 команда, барлығы 260 спортшы қатысты. Осы жарыста Тасқала ауданының құрама командасы келесідей көрсеткішке қол жеткізді: Ажгалиев Талғат +90 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болды және Тасқала аудандық «Балалар – жасөспірімдер спорт мектебінің» түлегі Мухамбеткалиев Жантөре Батыс Қазақстан облысы спорт интернат құрама командасының атынан 46 келі салмақ дәрежесінде І орынға ие болды.