2018 жылдың 19-30 қараша аралығында аудан әкімі А.Халелов ауданның барлық ауылдық округтерінде болып ауыл тұрғындарымен кездеседі.

Жұмыс сапары барысында арнайы мекеме басшыларының қатысуымен жеке қабылдаулар өткізіп, ауылдағы әлеуметтік нысандардың жұмысын қарайды. Сонымен қатар, барша ауыл тұрғындарының қатысуымен кеңейтілген кездесу өткізіп, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пiкiрлерi тыңдалатын болады.