Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің алдында тұрған басты мақсат инновациялық мемлекеттік қызметке көшу болып табылады, оған жету жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларсыз мүмкін емес.

Мемлекеттік қызметші – халыққа қызмет көрсетуші, халықпен тікелей байланыстағы тұлға екенін ескерсек, оған тек кәсіби маман болып қана қою жеткіліксіз. Бүгінгі күннің талабына сәйкес мемлекеттік қызметшінің бойында тиімді қызмет ету үшін талдау және сын тұрғысынан ойлау, өз ұстанымдарын дәлелдей білу, байланысқа бейімділік, креативтілік, сондай-ақ күтпеген жағдайларда жедел әрекет ету секілді маңызды, икемді дағдылар болуы тиіс.

Осыған орай, бүгін Тасқала ауданының Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ базасында Тасқала ауданы әкімі аппаратының, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Қазіргі жастардың ең өзекті проблемалары» тақырыбында пікір-сайыс ұйымдастырылды. Шараға мемлекеттік қызметшілер, ауыл жастары, колледж студенттері қатысты.

Шара барысында жалпы пікір-сайыс ойындарының маңыздылығы жөнінде түсінік беріліп, алдағы уақытта арнайы жоспар жасақтап, мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен пікір-сайыс ойындарын өткізу жөнінде айтылды.

#Дебат_Среди_госслужащих_2018#Мемлекеттік_қызметшілер_арасында_пікір_сайыс #БҚО #ЗКО