Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бастамасымен өткізілетін – «Жылдың үздік жасырын сатып алушысы» атты байқауға қатысуға шақырамыз.

Байқау 2018 жылдың 5-25 қараша аралығында өткізіледі.

Байқаудың мақсаты – әкімшілік кедергілерді, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық фактілерін, қызмет көрсетушілердің Этикалық кодексті сақтамауын, қызмет алушылар үшін қолайлы жағдайдың жоқтығын анықтау.

Байқауға қатысу үшін талап етіледі:

  1. Байқауға қатысуға өтінім.Оны «Үздік жасырын сатып алушы» хатының тақырыбымен zkoags@mail.ru мекен-жайына жіберу керек.
  2. Байқауға Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік қызметтерді ұсынатын нысандар мен салаларда «Жасырын сатып алушы» әдісімен мемлекеттік қызметтерді алу барысында жазылған бейне материалдар қабылданады.
  3. Бейне материалдарға болған жағдайды егжей-тегжейлі сипаттай отырып, мемлекеттік немесе орыс тілінде ««Microsoft Word»» форматында мәтіндік құжатты тіркеу қажет.

Барлық қосымша сұрақтар бойынша толық ақпаратты 8 7112 50-41-18 телефоны арқылы алуға болады.