2018 жылдың 25 қазан күні Мереке ауылында Мереке өзенінің бойындағы демалыс орнының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты жиынға Мереке ауылдық округінің келісім кеңесінің мүшелері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатысты. 

Бұл шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағытында ұйымдастырылды. 

Жобаның мақсаты халқымыздың жағдайын жақсарту, әлеуметтік дамуы мен әл-ауқатын арттыру болып табылады.


Жобаны Мереке ауылдық округінде ЖОББ Мереке МБ кешенін бітіргендеріне 15 жыл болған мектеп түлектері Е.Гатауов, А.Кадырова, Ш.Джаманкулов, М.Курмашев, Г.Арыстангалиева, С.Жанжигитова, Н.Сугралиев, К.Акжигитов, Л.Жолбатырова, А.Искакова, Л.Гилманова, А.Нурмуханов қолға алып, жүзеге асырды. Жоба – 500 мың теңгеге іске асырылды.