2018 жылғы 27қазан күні Мерей ауылында ««Бақалы» бөгетінің салтанатты ашылуы өтті.  Салтанатты жиынға Мерей ауылдық округінің келісім кеңесінің мүшелері, мектеп оқушылары, ауыл тұрғындары қатысты.

Бұл шара Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Атамекен» кіші бағдарламасының «Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағытында ұйымдастырылды.

«Бақалы» бөгеті Мерей ауылдық округіне қарасты Мерей ауылының оңтүстік батысында орналасқан. Бөгеттің жалпы аумағы 600 шаршы метр. Жоба барысында Бақалы көлі тереңдетіліп, ұсақ шабақ балықтар жіберілген болатын.

Жобаны Мерей (бұрынғы Шипов) жалпы білім беретін орта мектебінің түлегі жерлесіміз, «Гүлден» шаруа қожалығының басшысы Кушалиев Ақан Темірғалиұлы қолға алып, жүзеге асырды. Жобаның құны – 7,0млн.теңге. Ауыл тұрғындарының, ауыл қонақтарының бос уақытын тиімді пайдаланып балық аулауы үшін, салауатты өмір салтын насихаттауға пайдасы зор.