Ресей, Белорус, Қырғыз, Армения аумағынан тауар импорттаған жағдайда, сонымен қатар осы елдерде тіркелген тұлғалармен импортталған тауарларды Қазақстан аумағында сатып алғанда, сатып алушы – қазақстандық  тұлға әкелінген тауар құнынан 12 пайыз мөлшерінде қосымша құн салығын төлеуге міндетті.

Төлеу мерзімі – салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді. Салықтық кезең  импортталған тауарлар есепке қабылданған күнтізбелік ай болып табылады.

Белгіленген мерзімде қосымша құн салығын төлемеу, не уақтылы төлемеген үшін, он –нан   бастап  қырық  айлық есептiк көрсеткiшті қоса есептеген мөлшерiнде айыппұл қарастырылған.