Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті  «Қауіпсіз мектеп автобусы» республикалық акциясы аясында жергілікті полиция қызметімен  бірлесіп Кеден одағының «Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламентін түсіндіру бойынша дөңгелек үстел өткізді (ТР ТС ТС 018/2018). 

Іс-шараға жергілікті полиция, білім беру бөлімі, Орал қаласының мектеп директорлары қатысты. Кездесудің мақсаты 6 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды тасымалдау қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормалары мен ережелерін түсіндіру болды.

           Атап айтқанда:

      - автобустың алдында және артында Кеден одағына мүше-мемлекеттерде қолданылатын Жол қозғалысы ережелеріне сәйкес «Балаларды тасымалдау» айыру белгілері орнатылуы қажет.

      -Шанақтың сыртқы бүйірлік жақтарында, сондай-ақ автобус симметриясының білігі бойынша алдында және артында «БАЛАЛАР» қарама-қарсы түсті жазбалар түсірілуі керек.

    - Автобус артқа жүрген кезінде автоматты түрде дыбыстық сигнал беретін құрылғымен жабдықталуы керек.

   - Автобуста орнатылған барлық сыртқы тікелей емес шолу құрылғыларының элементтерінің электрлі қыздырғышы болуы қажет.

     - Автобус қозғалған кезде сөрелер қол жүгі құлауына жол бермейтіндей болуы керек.

      - Автобус алғашқы көмектің екі дәрі қорабымен (автомобильдік) жабдықталуға  тиіс.

      -Автобуста кем дегенде екі өрт сөндіргіш орнатуға арналған орындар қарастырылуы қажет, бұл жерде орындардың бірі жүргізуші отырғышының жанында болуы керек.

      - Балаларға арналған отырғыштар автобус жүрісі бойынша алға қаратылуға тиіс.

      -Балаларға арналған отырғыштардың әр бойлық қатарында «Тоқтату туралы өтініш» сигналдық түймесі қарастырылуы керек

Жүргізушінің жұмыс орны төмендегілермен жабдықталуға тиіс:

    -Балаларды орналастыру орындарынан іске қосылатын, тоқтау қажеттігі туралы дыбыстық және жарық сигналдарымен;

   -Ішкі және сыртқы автомобильдік қатты дыбыстау қондырғысымен.

   - Өз отырғышында отырған жүргізушіде жол деңгейінен бастап автобус еденінің бетіне дейінгі аймақта балалардың автобусқа кіруі және одан шығуы процесін бақылау мүмкіндігі болуы қажет. Егер тікелей емес шолушылық жеткіліксіз болып табылса, онда мұндай бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін құрылғылар («бейнекамера-монитор» жүйесі, айналар жүйесі, басқа оптикалық құрылғылар) орнатылуы керек.

Сонымен қатар, балаларға арналған отырғыштар балаларға арналған ұстап тұратын жүйелермен жабдықталады.

22 адамнан аспайтын жолаушылар саны бар автобустар бір қызметтік есікке ие болуы тиіс, 22 адамнан асатын жолаушылардың жалпы саны бар автобустар кіру және шығу үшін кем дегенде екі қызметтік есік болуы керек.

Есік (немесе есіктің біреуі) жүргізушінің жұмыс орнына тікелей жақын жерде орналасуы керек.

Автобус қызмет көрсету есіктері ашық немесе толық жабылмаған кезде қозғалыс басталуына кедергі келтіретін құрылғымен жабдықталуы керек.

Автобус күннің әр мезгілінде  кез келген уақытта автобус есіктерінде  балалардың кіруін және шығуын көруге мүмкіндік беретін жарықпен қамтамасыз етілуі керек.

Техникалық регламенттермен толық нұсқасын. Еуразиялық экономикалық комиссияның сайтынан http://www.eurasiancommission.org  табуға болады.

 

ҚР ИДМ-нің Техникалық реттеу және метрология Комитетінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің

бөлім басшысы  Жанахын Тыгынбаев