2018 жылы 12-13 қазан күндері аралығында Тасқала аудандық «Балалар -жасөспірімдер спорт мектебінің  50 жылдық мерейтойы қарсаңында баскетболдан 2002-2004 ж.т. одан кіші жасөспірім ұлдар және қыздар арасында Тасқала аудандық біріншілігі өткізілді. Жалпы жарысқа БЖСМ-1, БЖСМ-2, БЖСМ-3, Ақтау ЖОББМ, Атамекен ЖОББМ, Амангелді ЖОББМ, Мерей ЖОББМ, С.Жақсығұлов ат ЖОББМ командалар қатысты.

Жарыс нәтижесінде қыздар арасында І орын БЖСМ-1 командасы, ІІ орын БЖСМ-2 командасы, ІІІ орын Атамекен ЖОББМ командасы иеленді. Номинация бойынша «Үздік ойыншы» Дускалиева Зарема (БЖСМ-2), «Үздік шабуылшы» Даулетова Ранида (БЖСМ-1), «Үздік қорғаушы» Кусаинова Жұлдыз (Атамекен ЖОББМ), «Үздік ортаңғы ойыншы» Бахытжанова Дана(Ақтау ЖОББМ).

Ұлдар арасында І орын БЖСМ-2 командасы, ІІ орын БЖСМ-1 командасы, ІІІ орын Мерей ЖОББМ. Номинация бойынша «Үздік ойыншы» Өмірзақов Олжас(БЖСМ-2), «Үздік Шабуылшы» Бекболатов Марлен (Мерей ЖОББМ), «Үздік қорғаушы» Айпенов Әділбек(БЖСМ-2), «Үздік ортаңғы ойыншы» Айжариков Нұрлыбек (БЖСМ-1).