Бүгін Қазақстан Республикасының Конститутциясы күніне орай "Ақ бұлақ" бағдарламасы аясында "Амангелді ауылының су құбырларын қайта құру" нысанының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Құттықтау сөз алған аудан әкімі А.Халелов ауыл тұрғындарын Конститутция күнімен құттықтап, Елбасының саясатының арқасында жүргізіліп отырған мемлекеттік бағдарламалар халықтың игілігіне, халықтың тұрмысының жақсаруына бағытталғанын атап өтті. Өз кезегінде ауыл тұрғындары атынан сөз алған ауыл ақсақалы Даужанов Талап Әдиетұлы осындай бағдарламалардың жүзеге асуына ризашығын білдіріп, Елбасына рахметін айтты.

Жалпы нысан 2 жылға жоспарланып, биыл жұмыстар толығымен аяқталды. Бұл жұмыстарға 291 200 000 теңге теңге қаржы жұмсалды. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Амангелді ауылдық округі бойынша ауыл тұрғындары толықтай таза ауыз сумен қамтамасыз етілді.ПРОГРАММА «БЛОК НО» находится в районе Амангельды