Бүгін Тасқала аудандық мәслихатының кезектен тыс XXVIII сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов, аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме басшылары, қоғамдық ұйымдардың төрағалары және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сессия отырысында Тасқала ауданының әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов аудандық мәслихат депутаттарының алдында ауданымызда атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы барысында ауылшаруашылығы, құрылыс, жолдарды жөндеу, ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстармен таныстырып, алдағы жоспарларымен бөлісті.