Жиында сөз алған аудан басшысы Халелов Алдияр Сансызбайұлы аудан тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ, отбасыларына амандық тіледі.
Салтанатты шара барысында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 7 тамыздағы№ 728 Жарлығына сәйкес 6 баланы дүниеге әкеліп тәрбиелегені үшін аудандық орталықтандырылған аурухананың қызметкері Г.Бекмуханбетоваға "Күміс алқа" алқасы табысталды. Сонымен қатар, облыс әкімі А.Көлгіновтің алғыс хатымен аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары М.Залиев, «Луч» ЖШС директоры Н.Мусенов, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары С.Сүлейменнің алғыс хатымен Тасқала ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ж.Калиев, аудан әкімінің алғыс хатымен Мерей ауылындағы «Абилом» ШҚ басшысы М.Абилов, «Интергаз» АҚ Орал магистралдық газ құбырының Тасқала аудандық газ шаруашылық басқармасының қызметкері Ә.Досмұханов марапатталды және партия қатарына өткендерге партия билеттері, кәмелетке толған жастарға жеке куәліктер табысталды.
Салтанатты жиын аудан көркемөнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты.