4 тамыз күні Тасқала ауданының Амангелді ауылында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Туған жерге тағзым» жерлестер форумы ұйымдастырылды.

Шараға ЖОББ Амангелді МБ кешенінің түлектері, бұрын осы ауылда тұрған түрлі салаларда қызмет атқарған азаматтар Исмагулов Ильяс Баязитұлы, Орал қаласының тұрғыны, зейнеткер Дарменов Мақсот Хайроллаұлы, Бекмулдин Ерсінбек Кенесұлы және ұстаздар, жеке кәсіпкерлер, ауыл азаматтары қатысты.

Туған жер түлектері алдымен Амангелді ауылындағы ҰОС ардагерлеріне арналған «Өшпес ерлікке тағзым» атты ескерткішіне гүл шоғын қою, тағзым етіп, «Жалпы орта білім беретін Амангелді «мектеп-балабақша» кешенінің» мұражайын тамашалады. Жерлестердің дөңгелек үстел отырысында қатысушылар ауыл өткені мен тарихы туралы бейнефильм тамашалап, ауыл азаматтарының ұсыныс – пікірлерін талқылады. Шараға арнайы қатысқан бағдарлама жетекшісі, аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева мен 1983 жылғы түлектері мектепке 12 домбыра және Шүренова Күлаш Сахипкерееқызы бір жылға балаларға арналған газет-журналдар басылымын табыстады. Отырыс барысында қатысушылар ауылдың бүгінгі тыныс мен тіршілігін, әлеуметтік жағдайын сөз етті. Мақаланың «Туған жер» бағдарламасы аясында ауыл азаматтарының тікелей қолдауымен Амангелді ауылының паспортын салуға қаржы қарастырылды. Сонымен қатар Амангелді ауылының 50 жылдығына орай фотоальбом мен ауыл туралы бейнефильм шығару сөз болды.

Отырыстан соң, форумның құрметті қонақтары Ильяс Баязитұлы мен Ару Қуанұлы жаңа салынған спорт нысандары мен балалар ойын алаңын салтанатты түрде ашты. Амангелді ауылдық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен мерекелік концертті тамашалады. 

«Туған жерге тағзым» жерлестер форумының негізгі мақсаты «Атамекен» кіші бағдарламасы аясында туған жерге деген патриотизм мен сүйіспеншілікті қалыптастыру, белгілі бір жетістіктерге жетіп, түрлі салаларда қызмет етіп жүрген танымал тұлғалармен кездесуі, туған жеріне табан тіреуі. Жерлес, ауылдас азаматтардың басын қосып, туған өлкесін гүлдендіру мен абаттандырудың жолдарын қарастырып, үлес қосуға шақыру болып табылады.