Бүгін аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов аудан орталығында Тасқала ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу пікірталас форматында өтті. Кездесуде сөз алған аудан басшысы ауданымызды дамыту, көркейту бағытында қандай жұмыстар атқарылу керектігіне, алға қойған мақсаттарына тоқталып, халықпен бірге тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтынын айтып өтті. Сонымен қатар, осы бағыттарда атқарылатын жұмыстарда аудан тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.