31 шілде күні өңірлік коммуникациялар қызметінде тікелей эфирде Тасқала ауданының әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халелов «Тасқала ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Бюджет

Биылғы жылы ауданымыздың жылдық бюджет көлемі 4 млрд 039,7 млн.теңгені құрады. 2017 жылы (4 млрд 250,8 млн теңге)

1 шілдеге арналған бюджеттің кіріс бөлігі 102,2% орындалды.

І жарты жылдықтағы бюджеттің игерілуі 99,9% құрайды.

Негізгі капиталға салынған инвестициялар

Тасқала ауданы бойынша есептік кезеңде негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 3 540,0 млн. теңгені құрап отыр. Былтырғы жылмен есептік кезеңімен салыстырғанда 1,4 есеге артты. (2016 жыл – 2 525,2  млн. теңге)

Мал шаруашылығы

 Аудан бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне ірі қара мал саны 31083 (100,4 %), соның ішінде сиыр саны 13167 (95,83 %). Қой мен ешкі саны – 74266 бас (100,9%) Жылқы саны – 8838 бас (106,3 %) құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда жағдай бірқалыпты. Жылқы санында ғана 6,3% өсім бар.

2018 жылдың 1 шілдесіне аудан бойынша тіркеуде бар асыл тұқымды ірі қара мал саны – 2111 бас, (Герефорд 781, Казақ ақ бас 1227, Абердин - ангус 55, Голштина 48), ақжайық етті-жүнді қой саны 3278 бас; еділбай қойы саны 184 бас, қазақтың кылшық жүнді қойы саны 28 бас, асыл тұқымды көшім жылқысы саны  107 бас құрады.

Қазіргі таңда аудан бойынша 483 мүшесі бар 18 ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. Ірі қара мал басы саны 2026 бас.

Жыл басынан бастап 2256 тонна тірі салмағында ет (100,5 %) (30%-ы халықтың өз мұқтаждарына пайдаланылса, қалғаны Орал, Ақтау, Атырау қалаларына сатылды), 7509,4 тонна сүт (100,7 %) өнімі өндірілді. Тіркелген шаруа қожалықтары 335 бірлікті құрайды. Өткен жылмен салыстырғанда 1,8% артты. (6 ШҚ),  (2017 жылы 329 бірлік)

Егін шаруашылығы

Жалпы егілген жаздық дақылдардың көлемі 19,08 мың гектар, (жаздық бидай 12,72 мың гектар, арпа 5,49 мың гектар, ңұқат 57 гектар, сұлы 290 гектар және дәңдік құмай  520  гектар), күздік дақылдар 4,70 мың гектар құрады (күздік бидай 4,30 мың гектар, қара бидай 390 гектар), соның ішінде 1,34 мың гектар күздік бидай есептен шығарылды.     

Майлы дақылдардың егілгені 3,04 мың.гектар (күнбағыс  0,83 мың га, мақсар 2,21 мың.га.). Мал азығы дақылдарының жалпы егілгені 3,92 мың гектар. (біржылдық судан шөбі  2,43 мың. гектар, көпжылдық шөптер 1,48 мың гектар  (еркек шөп).

Картоп көкөніс және бақша егіс көлемі 255 га (картоп 105 га, көкөніс 125 га, бақша 25 га)

Бүгінгі күні  астық дақылдарын жинау басталды. Соның ішіндегі күздік бидайдың жиналғаны - 1005 гектар. Астықтың түсімі  904 тоннаны құрады, орташа өнімділігі– 9,0 цен/га. 2017 жылы дәңді дақылдардың орташа түсімі 12,2 цен/га болса, биылғы жылы ауа-райының қолайсыздығы шаруашылықтарға кері әсерін тигізуде.

Аудан бойынша 2018 жылы 78,8 мың тонна шөп дайындалуы жоспарлануда. Бүгінгі күні нақты дайындалғаны – 39,3 мың тонна, орташа түсім 3,1 цен/гектарға (орындалуы 50,7%), шөп дайындау жұмыстары жалғасуда.

2018 жылдын 6 ай қортындысы бойынша аудан шаруашылықтары  7 бірлік  «МТЗ-80» тракторларын сатып алды. Сонымен қоса,  11 ауылшаруашылық техникалары (шөп буғыш, шөп тиегіш, тасымалды тіркеу арбалар) сатып алынды.

Шағын және орта бизнес

Есептік кезеңде аудан бойынша 999 (2017 жылы 978) шағын бизнес субъектілері тіркелген. Соның 851-і тұрақты жұмыс жасауда (85,2%). Көрсеткіш 2017 жылдың есептік кезеңімен салыстырғанда 2,1% (21) артып отыр.

Жалпы бұл салада 1951 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Былтырғы жылмен салыстырғанда 2,4% артып отыр. (2017 жылы 1905 адам)

Инвестиция. 2017 жылы «Феррум Контракт» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) Тасқала ауданының  Бірлік ауылында «Шөлмектегі су өндірілетін цехтың құрылысына»  жоба дайындалып, құжаттары жасақталып, сараптамадан өткен болатын. Облыстық кәсіпкерлік басқармасына үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту картасына енгізілді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Инвестиция көлемі 120,0 млн. теңгені құрап отыр.

Жолдар

Аудан бойынша жолдардың жалпы  ұзындығы – 457 шақырымды (55 шақырым – темір жол, 402 шақырым – автомобиль жолдары) құрайды. Жергілікті маңызы бар жолдар - 245 шақырым  болса, облыстық маңызы бар жолдар – 107 шақырым, ал республикалық маңызы бар жолдар – 50 шақырымды құрайды.

Қазіргі таңда Орал–Тасқала–РФ шекарасына дейінгі республикалық маңызы бар тас жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Биылғы жылы толығымен аяқталу жоспарланып отыр.

2016-2017 жылдары 7,4 шақырым ауылішілік жолдарға күрделі жөндеу жүргізілсе, бүгінгі күнге 2017 жылы басталған ауылішілік Маметова (2200м - 176,9 млн. теңге), Шамов (810м - 59,2 млн. теңге) көшелерінің автомобиль жолдарына көшпелі тәсілмен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың толық аяқтау жоспарлануда. Бұл жұмыстарға облыстық бюджеттен 78,450 мың теңге қаржы қарастырылған.

2018-2020 жылдарға Тасқала ауылының ауылішілік автомобиль жолдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша 4 жоба жасақталып, ЖСҚ (жобалық-сметалық құжаттары) дайындалды. Қазіргі таңда 4 жобаның кешенді сараптама қорытындысы бар. Аталған жобаларға қаражат қарастырылған жағдайда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Абаттандыру, көгалдандыру, санитарлық тазалау бойынша:

Маусым айының 28-нен бастап Тасқала ауылының солтүстік бөлігінде орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтарды төгетін орынды абаттандыру және консервациялау жұмыстары басталған болатын. Қазіргі таңда жұмыстар толығымен аяқталды.  Мердігер компания «АСТРАДОР» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), Бұл жұмыстарға 3 млн. теңге қаражат қарастырылды.

Ауыз су, газ мәселесі

Аудан бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне бойынша 17 054 тұрғынның 15 886 тұрғыны орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған, яғни 93%-ды құрайды. Жалпы су құбырының ұзындығы - 173,4 км. Аудан тұрғындарының 98,6% газбен қамтылған.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Тасқала ауданы бойынша 9 ауылда (Мереке, Айнабулақ, Ақкайнар, Ақтау, Атамекен, Достық, Өркен, Оян және Тасқала ауылдарының) ауыз су жүйелеріне субсидия бөлінуде.

Субсидия алу үшін, Батыс Қазақстан энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына Шежін-1 елді-мекенінің құжаттары жинақталып тапсырылды. Мерей ауылының құжаттары жинақталуда.

Субсидия алғанға дейін ауыз судың тарифтік құны 300 теңге 65 тиын құраса, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап аталған елді-мекендерде ауыз су бағасы 30 теңге болып белгіленді.

 «Ақ бұлақ бағдарламасы»

«Ақ бұлақ» бағдарламасы  аясында 2017 жылы  2-Шежін, Мерей, Тоғайлы ауылдарына таза ауыз су өткізілсе, өткен жылы көшпелі тәсілмен басталған Амангелді ауылының су құбырларын қайта құру жұмыстары ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталады (бас мердігер «Құрылысгаз» ЖШС (жауапкершілігі шектеулі серіктестік), нысанның жалпы құны 291,200 млн тенге). Сонымен қоса биыл Атамекен, Қалмақшабын, Алмалы ауылдарының су құбырларын қайта құру жұмыстары жүргізілуде. (бас мердігер «Газстрой» ЖШС(жауапкершілігі шектеулі серіктестік), нысанның жалпы құны 282,402 млн тенге). Жұмыстар 30% аяқталды. Биылғы жылы аяқталуы  жоспарланып отыр.

Осы бағдарлама аясында 2018 жылы Мереке ауылдық округінің Мереке және Қалмақ ауылдарының және Тасқала ауылының су құбырын қайта құру бойынша жобалақ-сметалық құжаттамалары әзірленіп, ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтуде.

Құрылыс

2018 жылы ауданымыз бойынша «Нұрлы жер» бағдаламасымен екі нысаннның құрылысы басталды.

  1. БҚО Тасқала ауданының Тасқала ауылындағы үш қабатты көп пәтерлі екі тұрғын үй және оларға инженерлік инфрақұрылымдарын салу. Нысан құрылысының жалпы құны 831,6 млн. теңге құрайды.  

Бас мердігері «Альтаир» ЖШС. Нысан құрылысы 2 жылға жоспарланған.

  1. «БҚО Тасқала ауданының Тасқала ауылында солтүстік жағында бір қабатты бір пәтерлі үш бөлмелі арендалық коммуналдық 7 тұрғын үйлердің құрылысы. Нысанның жалпы құны 78,5 млн теңге. Бас мердігер «КДС» ЖШС-і. Жұмыстар қыркүйек айында толығымен аяқталынады деп күтілуде.

Сонымен қатар, 2018 жылы  «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тасқала ауылында 18 пәтерлі үш қабатты тұрғын үй құрылысына  және 36 пәтерлі үш қабатты екі тұрғын үй құрылысына ЖСҚ дайындалуда және бір қабатты бір пәтерлі үш бөлмелі 15 арендалық коммуналдық тұрғын үйлердің құрылысы бойынша ЖСҚ ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтуде.

2018 жылы Тасқала ауданының аумақты  дамыту бағдарламасына сәйкес Тасқала ауылында жалпы құны 150, 812 млн. теңге құрайтын бір қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысы басталды. Мердігер компания «Алатау-Альдан-Агро» ЖШС-і. Жұмыстар биылғы жылы аяқталуы жоспарлануда.

Сонымен қатар, бір қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы ведомстводан тыс кешенді сараптамадан өтіп тұр. Нысанның жалпы құны – 111,750 млн. тенге құрайды. Бюджеттік өтінім Батыс Қазақстан облысының құрылыс басқармасына жолданды.

2018 жылы «БҚО Тасқала ауданы Ақтау және Тасқала ауылдарының су қорғау бөгеттерін қайта құру» нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде.

«БҚО Тасқала ауданы Тасқала ауылында 320 көрермен орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасына мемлекеттік сараптама оң қорытындысы дайын.  (нысанның жалпы құны – 706,463 млн. теңге.)

 «БҚО Тасқала ауданының Тасқала ауылында 280 орынға арналған балабақша құрылысының жобалау-сметалық құжаттамасы дайын, мемлекеттік сарапатамадан өтуде. Сонымен қатар, күрделі жөндеуден өткізуге 4 мектептің  (Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ, С.Жақсығұлов атындағы ЖОББМ, Ақтау ЖОББМ, Атамекен ЖОББМ) құжаттары дайын тұр.

2018 жылы жеке тұрғын үйлер құрылысына арналған жер учаскелерді дайындау мақсатында Тасқала ауылының оңтүстік-батыс бөлігіндегі  66 жер учаскесінің, Тасқала ауылының солтүстік-шығыс бөлігіндегі 106 жер учаскесінің жобалау-сметалық құжаттамалары ведомстводан тыс кеншенді сараптамадан өтуде.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар

Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту», «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға  арналған  бағдарламасы, «Өңірлерді дамыту» бағдарламалары  арқылы жүзеге асырылуда. 

Аталған бағдарламалар шеңберінде  биылғы жылы 1000 адамды жұмыспен қамтудың  белсенді шараларына тарту  жоспарланса, есепті мерзімге 842 адам жолданды. Жоспар 84,2 % орындалды.

Оның ішінде:

Жұмысқа орналастыруға 330 адамды жолдау жоспарланса 6 ай ішінде 382 адам жолданды, соның ішінде 197 тұрақты, жоспар 116%-ға орындалды.

Жастар практикасына 60 жас маманды жолдау жоспарланса, 23 жас маман жолданып, жоспар 38%-ға орындалды.

Әлеуметтік  жұмыс  орындарына 52 адамды жолдау жоспарланса, 78 адам жолданып бағдарлама 150%-ға орындалды.

420 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланса, есепті мерзімге бұл көрсеткіш бойынша 362 жұмыс орны ашылып, жоспар 86,2%-ға орындалды.  

Ақылы қоғамдық жұмыстарға 253 адамды жолдау жоспарланса, есепті мерзімге 176 адам жолданып, жоспар 70%-ға орындалып отыр.

«Жаппай  кәсіпкерлікті  дамыту» шеңберінде ауданға 200,0 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда «Бастау - Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту бойынша 77 адам оқып, бизнес  жоспарларын сәтті қорғап, сертификаттарын алды. Есептік мерзімге  өз кәсібін ашу, дамыту үшін несие алуға ниет білдірген 31 адам мал шаруашылығын, құс шаруашылығын дамыту, фото, видео таспаға түсіру қызметін  ұйымдастыру, дәмхана қызметін көрсету, ауыл шаруашылық техникасын  сатып  алу бағыттары бойынша 131,7 млн. теңге көлемінде  шағын несиеге  қол жеткізді.

Дипломмен ауылға бағдарламасы бойынша есептік кезеңде 38 жас маманға (2017 жыл 25 жас маман)  жалпы сомасына  6,4 млн.теңге көлемінде көтерме жәрдемақы төленіп,  10 маманға 36,1 млн.теңге көлемінде бюджеттік несие рәсімделді. Оның ішінде білім беру саласы – 6 маман, денсаулық сақтау – 4 маман.

Білім саласы

2017-2018 оқу жылында 18 жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді (12 орта, 3 негізгі, 3 бастауыш),  соның 15-і қазақ, 1-і орыс және 2-і аралас.

2017-2018 оқу жылын жалпы 2501 оқушы бастаса,  оқу жылын 2493 оқушы аяқтады. 9-сыныпты 201 оқушы аяқтап, оның 25-і ерекше үлгідегі аттестатқа ие болды. 11-сыныпты 140 оқушы аяқтап, 13 оқушы «Алтын белгі», 5 оқушы Үздік аттестатқа ие болды. Білім сапасы  66%.

Мектеп түлектерінің 98-і ҰБТ (ұлттық бірыңғай тестілеу) қатысып, жалпы аудан бойынша орта балл – 87 құрады. (Облыс көлемінде аудан ІІІ көрсеткіште орналасқан).

Биылғы жылы оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыруға 13485,2 мың теңге қаражат жұмсалып, 2355 оқушысы (100%)  қамтылды. (жергілікті бюджеттен – 8639,2 мың т., демеушілердің – 565,0 мың т, кәсіподақтардың – 410,0 мың т, ата-аналардың – 3871,0 мың т.)

Қаңтар айында Тасқала ауылында 40 орындық «Нұр» жеке бөбекжайы ашылды. Қазіргі уақытта кезекте тұрған  балалар жолдануда.

Цифрландыру

Цифрландыру бағдарламасы аясында аудан бойынша 7 орта мектепте  электронды күнделік жүйесі енгізілген. «Білім ЛЭНД» порталы 13 мектепте онлайн және  5 мектепте офлайн режимде жұмыс жасауда. Қолданылу барысы 100%.

ҚР Үкіметінің 12.12.2017 ж. №827 қаулысымен бекітілген «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының аясында «Адам капиталын дамыту» бағытының іс-шаралар жоспарына сай аудан бойынша 215 тұрғын, 366 мектеп қызметкерлері, барлығы 581 адам цифрлық сауаттылықтарын арттырды.

Биылғы жылы «Нұр Отан» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы - партияның бастамашыл цифрландыру жобалары шеңберінде «Сәулет» МЛ (мектеп-лицейінде) факультативтік ІТ сыныбының ашылуы жоспарлануда. Оған 4-9 сыныптары арасында 200 оқушы қамтылады деп есептелуде.

2018 жылдың 5 ақпанынан бастап аудандық ауруханада қағазсыз құжат айналымы енгізілді.

Медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) қолданушылар саны, дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлер – 159 адамды құрайды.

Есептік мерзімге  медициналық ақпараттық жүйе бойынша қызмет көрсетілген пациенттер саны – 11 252 адам.

Медициналық қызметкерлер мен аудан тұрғындары арасында «k-vrachy» (к врачу) мобильдік қосымшасы орнатылған. Қазіргі таңда  ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мәдениет және спорт

Ауданда 10 мәдениет үйі, 2 ауылдық клуб, 1 автоклуб, 26 кітапхана, 1 кинотеатр бар. Аудандық мәдени-демалыс орталығы  жанында 10 халықтық, 2 үлгілі ұжым қызмет атқаруда. Бұл ұжымдардың құрамында мәдениет қызметкерлері, зейнеткер әже-аталарымыз, мектеп оқушылары, студенттер т.б. сала мамандары қамтылған.

Аталмыш ұжымдар халықаралық, республикалық және облыстық түрлі байқау-фестивальдерге белсенді қатысып, жүлдері орындарға ие болып жүр.

2018 жылы мәдениет саласы бойынша материалдық-техникалық базаны нығайтуға 10,8 млн. теңге қаржы жұмсалды. 

Есепті кезеңде аудан бойынша 29  спорттық шара өткізілді. (16 аудандық,  12 облыстық, 1 республикалық). Ауданымызда балалар мен жасөспірім спорт мектебінде 17 спорт түрі бойынша (пауэрлифтинг, еркін күрес, қазақ күрес, дзюдо, самбо, қол күресі, гір көтеру, волейбол, футбол, баскетбол, қол добы, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика, ұлттық жекпе-жек, үстел теннисі  спорт түрлері) 626 жасөспірім спортпен жаттығады. Биылғы жылы 3-7 шілде аралығында Астана қаласының 20-жылдығына орай ұйымдастырылған Батыс Қазақстан облысы ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы спартакиадасында аудан командасы жүлделі ІІІ орынға қол жеткізді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында Тасқала ауданы бойынша барлығы 51 іс-шара ұйымдастырылып, 4098 тұрғын (24%) қамтылды.

Бүгінгі таңда ауданымыздың 5 ауылдық округінде (Қазақстан, Шежін, Мереке, Мерей, Қосшы ауылдық округтерінде) Жерлестер форумы өткізілді. Жерлестер форумында мектеп түлектері мен ауыл азаматтары  жалпы құны 3 млн 365 мың теңгеге демеушілік көрсетті.

«Әлеуметтік бастамалар картасы» базалық бағыты аясында 2017 жылы жалпы құны 5 млн 314, 2 мың  теңге құрайтын 7 жоба іске асырылса, 2018 жылы жалпы құны 23 млн 700 мың теңге құрайтын 14 жоба жүзеге асырылмақшы. Қазіргі күнге 2 млн 700 мың теңгенің 3 жобасы жүзеге асты.