Бүгін аудан әкімі Алдияр Сансызбайұлы Халеловтың төрағалығымен ауданымызда алғашқы рет облыстық кәсіподақ ұйымының басшыларының қатысуымен Кәсіподақ ұйымдарының қызметін жетілдіру мәселелері жөнінде жиын өтті. Жиынға «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Салықов Ербол Ғұмарұлы, «Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Батырханов Айдар Тапашұлы,  «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрайымы Есекенова Айгүл Оразқызы, «Құрылыс комплексі және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Сахипов Ғарапша Әділұлы, «SENIM» Денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіподағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО филиалының төрағасы Кусаинов Махамбет Какимұлы,  БҚО кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Атауов Бауыржан Аяпбергенұлы, Батыс Қазақстан облысы Еңбек инспекциясы басқармасының инспекторы Кдыров Ерсайын Шынболатұлы қатынасты. Сонымен қатар, бүгінгі жиынға аудандық мекеме, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағалары мен мүшелері, шаруа қожалық басшылары мен аудан кәсіпкерлері қатысты.

Жиында сөз алған «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Салықов Ербол Ғұмарұлы Батыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар орталығы бойынша атқарылып жатырған жұмыстар және алдағы жоспарлары жөніндегі баяндап берді. Сонымен қатар, Тасқала ауданының кәсіподақ комитетінің төрайымы Проценко Галина Владимировна өз саласы бойынша кәсіподақ мүшелеріне көрсетілетін көмектер мен жеңілдіктерге тоқталса, БҚО Еңбек инспекциясы басқармасының мемлекеттік еңбек инспекторы Кдыров Ерсайын Шынболатұлы еңбек кодексіндегі өзгерістерге тоқталып, әрбір азамат жұмысқа тұрар кезінде еңбек шартын талап ету қажеттігін айтып өтті.
Жиын барысында аудан мен облыстық кәсіподақтар орталығы арасында жақсы қарым-қатынасты нығайту, бірлесе қызмет атқару мақсатында аудан әкімдігі мен облыстық кәсіподақтар орталығы арасында өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар, жиын соңында ауданымыздың кәсіподақ бірлестігінің белсенді мүшелері Шукуров Самиғолла Рахметоллаұлы – Тасқала аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы және Сәрсенбаева Магмура Дайрқызы – Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының атынан алғыс хатпен марапатталды.
Түстен кейін Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығының БҚО филиалының төрағалары өз салалары бойынша кездесу өткізіп, кәсіподақ қызметі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.