2018 жылы 3-7 шілде күндері Бөрлі ауданының Ақсай қаласында Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20-жылдығына орай Батыс Қазақстан облысы ауыл жасөспірімдерінің ІІ жазғы ойындары өткізілді. Аталған жарысқа Тасқала ауданының құрама командасы қазақ күресі, дзюдо күресі, греко-рим күресі, еркін күресі, тоғызқұмалақ, волейбол, асық ату, гандбол, таеквондо және шағын футбол спорт түрлерінен қатысып келесідей көрсеткішке қол жеткізді. Гандболдан ІІ орын, (жаттықтырушылары Б.Садыков, Б.Ергазиев), таеквондо командалық есепте ІІІ орын (жаттықтырушы А.Шинбаев), қазақ күресі командалық есепте ІІІ орын (жаттықтырушылары А.Туркаев, А.Мақашев, Е. Мусагалиев), дзюдо күресіне қыздар және ұлдар арасында командалық есепте ІІ орынға ие болды (жаттықтырушылары Б.Бақтыгереев, У.Жангирова, Н.Болат). Жалпы командалық есепте Тасқала ауданы ІІІ орынға ие болды.