Ағымдағы жылдың 3 шілде күні аудандық мәдени-демалыс орталығында ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі және жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Елордасы - Астана қаласының  20 жылдығына арналған аудандық әндер және сурет байқауы өтті. Әндер байқауына 5 жас, сурет байқауына 26 жас қатысты. Қатысушылар 2 әннен орындады, I-ән Елордасы Астана туралы, II- ән патриоттық ән. Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі I орынды Мереке ауылдық округінің қатысушысы Калиуллова Мендігүл иеленді, екі II орынды Достық ауылдық округінің қатысушысы Тоқсанова Әсия, Қазақстан ауылдық округінің қатысушы Иманғалиева Самал алды, екі III орынды Мерей ауылдық округінің қатысушысы Байзуллина Нұргүл, Қ.Сатбаев атындағы ЖОББМ оқушысы Ниязбай Ерасыл иеленді. Сурет байқауының қорытындысы бойынша екі І орынды Мереке ауылдық округінің қатысушысы  Ильина Кристина, Амангелды ауылдық округінің қатысушысы Иргалиев Диас иеленді, екі ІІ орынды Атамекен ауылдық округінің қатысушысы Ермеккалиева Гүлшат, Қ.Сатбаев атындағы ЖОББМ оқушысы Ниязбай Жәңгір алды, екі ІІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы ЖОББМ оқушысы Мулдашев Еламан, Мерей ауылдық округінің қатысушысы Жарқын Эльдар иеленді. Барлық қатысушылар мен жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.